Испания биыл 45 млн туристі қабылдайды

Испания биыл 45 млн туристі қабылдайды

Екі жылға созылған ковид пандемиясынан кейін Испания туристерге шекарасын толық ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы маусымда елге 45 млн-нан астам турист келеді деген үміт бар. Бұл туралы туризм министрі Рейес Марото баспасөз мәжілісінде мәлім етті. Туризм – Испания ІЖӨ 12 процентін құрайды, сондықтан бұл саланың мемлекет экономикасы үшін алатын орны ерекше. Әлемді әбігерге салған Корона пандемиясы салдарынан 2020 жылы Испания 80 процент туристерінен қағылған еді. Енді, міне, елде карантиннің қатаң шаралары толығымен алынып, туристер үшін жол ашылды. Барселонаның үздік аспазшылары дайындықты әзірден бастап кеткен.

Фран, бас аспаз:

Тамақтың алуан түрін дайындау үстіндеміз. Туристер, әсіресе, жергілікті және авторлық тағам түрлерін таңдайды.

Барселона ғана емес Испанияның барлық қаласы қызу дайындық үстінде. Көше көркем гүлмен әрленіп, сан түрлі көңіл көтеретін парк, мұражай мен аспан астындағы театр және қоғамдық мерекелер де пандемиядан кейін қайта жандана бастады.

Наталья, мейрамхананың бас менеджері

Туристердің мол толқынын қабылдау үшін мейрамхана көлемін ұлғайттық және біз келушілерден ковид паспорт сұрамайтын боламыз.

Осылайша туристер үшін ковид сертификатқа қатысты талап та өзгертілді. Испанияға ұшып келуші туристер үшін паспорт вакцинация қатаң талап етілмейді. Егер сіз ұшып келе жатқан мемлекетте вирус жұқтыру 100 мың адамға 25 мыңнан келсе ғана кеден қызметкерлері вакцинация құжаты талап етуі мүмкін.  

Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач