Солтүстік Кореяда індет дес берер емес

Солтүстік Кореяда індет дес берер емес

Бүгін Солтүстік Корея билігі қызба белгілері бар тағы 220 мыңға жуық науқас анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын індеттің таралуын бәсеңдетуде оң динамика бар деп сендіруде. Жалпы кедей, оқшауланған елдің денсаулық сақтау жүйесі әлемді алаңдатуда. Себебі 26 миллион тұрғыны бар мемлекетте халықтың дені короновирусқа қарсы егілмеген. Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Кореяда сәуір айының соңында белгісіз қызба тез тарала бастағаннан бері 2 миллион 400 мыңнан астам адам індет ілмегіне ілініп, 66 адам қайтыс болды. Сарапшылардың айтуынша, билік вирустың таралуының шынайы ауқымын жасыруда. Ал Ким Чен Ын болса, Коммунистік партияның шұғыл саяси бюросын өткізіп, экономикалық қиындықтарды  жеңілдету үшін ұлттық экономиканы жандандырудың әртүрлі жоспарларын әзірлеуді тапсырды.