АҚШ-тың оңтүстік-батысы түтінге тұншығып тұр

АҚШ-тың оңтүстік-батысы түтінге тұншығып тұр
Хабар 24

Мұндай алапат өрт Нью-Мексико штатында бұрын-соңды болмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалын 1300 шаршы шақырымды шарпып үлгерген. Мыңдаған қарағай мен шырша күлге айналды. 270-ке жуық үй жанып кетті. Тілсіз жаумен 2 мыңнан астам өрт сөндіруші арпалысып жатыр. Қызыл жалын Калифорния тұрғындарын да әлекке салды. Лос-Анджелес қаласының іргесіндегі Гриффит обсерваториясына қауіп төнді. Астрономиялық мекеменің барлық қызметкері шұғыл көшірілді.