Арменияға мұнай өнімдері жеткізіледі

Бүгін Сенат отырысында Арменияға мұнай өнімдерін сатуға қатысты арнайы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс баж салығынсыз және кеден бақылауынсыз жүзеге асырылады.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, келісімге сәйкес Армения Қазақстанның мұнайын басқа елдерге сата алмайды. Сондай-ақ нарықта өнім жетіспеушілігі байқалса, құзырлы органдар мұнай жеткізуді уақытша тоқтата алады.

Арменияға ішкі нарықтағы артық мұнай өнімдері ғана жеткізіледі. Бұл елдегі мұнай жетіспеушілігін алдын алуға мүмкіндік бермек. Айта кетейік, экспорт шетел валютасы бойынша жасалады. Сондықтан ел үшін қандай да бір тәуекелдер болжанып отырған жоқ,- дейді саланың вице министрі.