Испанияда жарылыстан екі адам ажал құшты  

Испанияда жарылыстан екі адам ажал құшты  

Испанияның солтүстігінде биодизель өндіретін зауытта жарылыс болып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицияның хабарлауынша, құрбандардың екеуі де жұмысшы. Қайғылы оқиға кезінде кәсіпорын жанындағы технопаркте 250 бала экскурсияда жүрген. Абырой болғанда, олар зардап шеккен жоқ. Зауыттағы барлық адам қауіпсіз жерге шұғыл көшірілді. Билік жарылыс себебін анықтап жатыр.