БҰҰ: әлемде 220 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін

БҰҰ: әлемде 220 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін

Украинадағы соғысқа байланысты әлемде аш жүрген адам саны тағы 20 миллионға артуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр жер шарында тойып тамақ ішпейтіндер қатары 200 миллиондай болған. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік бағдарламасы мәлімдеді. Халықаралық ұйымның хабарлауынша, соғыстан Украина порттарында 6 миллион тонна бидай мен 14 миллион тонна жүгері қалып қойды. Сарапшылардың айтуынша, өнім шетелге тез шығарылмаса, әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі шиеленісе түседі.