Индонезияда жолаушылар қайығы апатқа ұшырады

Индонезияда жолаушылар қайығы апатқа ұшырады

Бортында 43 жолаушысы бар моторлы қайық апатқа ұшырап, 26 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

17 кісі құтқарылды. Оқыс оқиға Сулавеси аралына жақын жерде болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Паотере портынан Макасар қаласына шыққан қайықтың жолда жанармайы таусылып, теңізде тұрып қалған. Артынан ауа райы бұзылып, дауыл соғып, апатқа ұшыраған. Жоғалғандарды іздестіру-құтақру жұмыстары жүріп жатыр.