Мексикалық фермерлер бағаның өсуінен зардап шегіп жатыр

Мексикалық фермерлер бағаның өсуінен зардап шегіп жатыр

Украинадағы ахуалдан мексикалық фермерлер де зардап шегіп жатыр. Себебі әлемде тыңайтқышты ең  көп экспорттайтын Ресейден шикізат тасмылдау тоқтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан оның бағасы шарықтап, шаруалар шығынға батты. Фермерлер үкіметтен мәселені шешуді сұрап отыр. Егер билік шұғыл шаралар қабылдамаса салдары ауыр болады дейді мамандар.

Олегарио Флорес, фермер:

2019 жылы тыңайтқыштар арзан болған еді. Ол кезде бір қабы 20-40 доллар тұрған. Қазір 70 долларға көтерілді. Бұл бізге  ауыр соғып жатыр.

Мексикалық фермерлер тыңайтқыш бағасының шарықтап кетуінен зардап шегіп отыр. Тауар бағасы екі есе қымбаттаған. Ресми статистикаға сәйкес, елде өсімдіктерді қоректендіру үшін алты миллионнан аса тыңайтқыш қажет. Ал елде тек 2 млн тонна ғана өндіріледі. Ал қалған бөлігі негізінен Ресейден жеткізіледі. Бірақ Украинадағы ахуалға байланысты қажетті тауарды тасымалдау баяулап қалған. Десе де ресми Мәскеу Мексикаға қажетті көлемде тыңайтқыш жеткізуге дайын екенін мәлімдеді. Ал Мексикалық мамандар Ресейге кіріптар болмай, өз өндірісін ұлғайтуға ниетті. Шаруалар болса шұғыл шаралар қабылданбаса салдары ауыр болады деп отыр.