АҚШ-та қайық апатынан бес адам опат болды

АҚШ-та қайық апатынан бес адам опат болды

АҚШ-тың Джорджия штатында екі серуен қайығы соғысып, 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Саванна қаласына жақын Уилмингтон өзенінде болды. Екі адам оқиға болған жерде тіл тартпай кеткен. Қалған үшеуі суға батып, кейін құтқарушылар олардың денелерін су түбінен тапты. Алдын ала тергеуге қарағанда бір жүргізуші қайықты мас күйінде басқарған. Ол қамауға алынып, апаттың мән-жайы анықталып жатыр.