Ресей мұнайына жартылай эмбарго салу туралы келісім жасалды

Еуроодақ басшылары Ресей мұнайына жартылай эмбарго салуға келісті. Санкциялардың 6-пакетін қабылдау туралы уағдаластыққа Брюссельде өткен саммит кезінде қол жеткізілді. Әзірге жыл соңына дейін теңіз арқылы келетін қара алтынға шектеу қойылмақ. Еуроодақтың келесі кездесуі маусымның 23-і мен 24-іне белгіленді. 

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

- Еуропалық Одаққа келетін мұнайдың үштен екісі теңіз арқылы жеткізіледі. Қалғаны құбырмен тасымалданады. Ресей мұнайы жалғыз "Дружба" құбырымен келеді. Құбырдың солтүстік бөлігі Польша мен Германияны, ал оңтүстік бөлігі Венгрия мен Словакияны қамтиды. 

Шарль Мишель, Еуропалық Кеңес президенті:

- Біз мұнай жеткізудің қауіпсіз жолын таңдауға тиісті шаралар қабылдауға уағдаластық. Бұл өте маңызды қадам. Біз бір жағынан, Ресейге қарсы санциялар енгізуді, екінші жағынан, энергия ресурстарын жеткізу ісінің қауіпсіздігін қамтып отырмыз.