Испания жағалауында судан 49 мигрант құтқарылды

Испания жағалауында судан 49 мигрант құтқарылды

Испанияның жағалау күзеті 49 мигрантты құтқарды. Әскерилер келімсектерге толы кемені Канар аралдары маңында анықтаған.

Мигранттар Аргинегин портына жеткізіліп, оларға медицицналық көмек көрсетіліп жатыр. Соңғы жылдары Марокккодан 100 шақырымдай жерде орналасқан Канар аралдары мигранттардың Еуропаға өтетін басты бағытының біріне айналған.

Дерекке сүйенсек, былтыр бұл аралдарға 22 мыңнан аса келімсек өтіпті. 4 мыңнан аса адам теңізде опат болған.