Украиналық топ «Евровидение» кубогін аукционда сатып жіберді

Жақында «Евровидение» ән байқауында жеңімпаз атанған украиндық "Калуш Оркестра" тобы ұтып алған бас жүлдесі - шыны микрофонды 900 мың долларға сатты.

Аукцион "Фейсбук" әлеуметтік желісінде ұйымдастырылған. Жүлдені криптовалютамен айналысатын биржалардың бірі сатып алды. Сонымен қоса аукционға байқау кезінде топ қатысушыларының бірі киген қызғылт түсті бас киім де шығарылды. Ол 370 мың долларға кетті. Бүкіл ақша Украина әскері үшін дрондар сатып алуға жаратылады.

Айта кеткен жөн, биыл "Еуровидение" мамырдың басында Италияның Турин қаласында өткен. Украинадағы шиеленіс салдарынан Ресей қатысушылары байқаудан шеттетілді.