Бразилияда лай көшкінінен 91 адам опат болған

Бразилияда лай көшкінінен 91 адам опат болған

Бұл осы уақытқа дейінгі дерек. Бразилиядағы тасқын мен лай көшкінінен опат болғандар саны күн өткен сайын артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бразилияның Пернамбуку штатындағы тасқын ондаған адамның өмірін қиды. The Guardian ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 91 адам опат болған. Бұл сан әлі де өсуі мүмкін. Өйткені жоғалып, табылмай жатқандар көп. Төпелеп жауған нөсер өткен аптада басталған. Содан лай көшкініне ұласты. Қазір 4 мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Ел президенті Жаир Болсонару апат болған өңірді тікұшақпен аралап, Twitter-дегі парақшасында Пернамбуку мен Алагоас штаттарында зардап шеккендерге үкімет тарапынан барынша көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роналдо Бенту, Бразилияның азаматтық қоғам министрі:

– Азаматтық қоғам министрі мен азаматтық қорғаныс ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін барынша тез әрекет етуге тырысады. Зардап шеккендерге уақытша баспана беріледі.