Британия премьері сенімсіз тұлғаға айналуы мүмкін

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон сенімсіз тұлғаға айналуы мүмкін.

Ол елде 2020 жылы қатаң локдаун болған кезде жұмыс орнында туған күн кешін өткізіп, қоғамның қаһарына іліккен болатын. Консерваторлар атынан сайланған парламент мүшесі Джон Стивенсон үкімет басшысын өз кандидатурасын сенімсіздік білдіру бойынша дауысқа салуға ұсынуға шақырды. Оны қазір 25-тен астам депутат қолдап отыр. Негізі Джонсон кешірім сұрап, кінәсін мойындаған. Сарапшылар әдетте министрлер кодексін бұзған шенеуніктер қызметінен алынатынын алға тартады.