Ресейліктер рубль бағамына алаңдаулы

Әлеуметтік сауалнама нәтижелері Ресей тұрғындарының жартысы азық-түліктің қымбаттауына дайындалып жатқанын көрсетті.

Росстат мәліметінше, биылғы жылдың бірінші ширегінде ел азаматтарының нақты табыстары бір проценттен артық төмендеген. Экономикалық даму министрлігі жылдың аяғына дейін табыстары 7 процентке қысқаратынын болжап отыр. Кейбір сарапшылар тіпті 12 процентке құлауы мүмкін дейді. Ал Орталық банктың негізгі болжамынша, жылдың аяғына дейін инфляция 23 процентке жетеді. Осыған байланысты Ресей фермерлері өнімдеріне елде сұраныс төмендеп, сыртқы нарықта рубль бағамының кесірінен бәсекеге қабілетсіз болатынына алаңдап отыр.

Артем Белов, Сүт өндірушілердің ұлттық одағының бас директоры:

- Қазір рубльдің долларға бағамы  60-62 шамасында. Осындай жағдайда Ресей экспорты бәсекеге қабілетті емес екені анық. Осы тұста рубль бағамын біртіндеп әлсірету саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Өндіріс өсіп келеді. Ал оған ел ішінде немесе сыртта сұраныс қажет. Елде сұраныс тұрақсыз болғандықтан сүт өндірушілер үшін экспорттың маңызы артып келеді.