Солтүстік Кореяда белгісіз безгек жұққан адам саны 4 миллионға жетті

Солтүстік Кореяда белгісіз безгек жұққан адам саны 4 миллионға жетті

Солтүстік Корея билігі эпидахуал жақсарды деп мәлімдеді. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдегі жағдай қиын дейді.

Мамандар қажет мәлімет ала алмай отырғандарын айтады. Сарапшылар елдегі ахуал бақылаудан шығып кетсе, салдары бүкіл әлем үшін ауыр болуы мүмкін дейді. Бертінге дейін коронавирус жоқ деп келген Солтүстік Корея билігі мамырдың басында індет жұқтырудың алғашқы дерегі туралы хабарлаған еді. Дегенмен, жергілікті билік деректің барлығын КОВИД-19-ға жатқызбайды. Олар дене қызуы көтерілген адамдарға "белгісіз безгек" диагнозын қойып жатыр. Қазір безгек жұқтыру оқиғалары 4 миллионға жуықтаған.