Түркия президенті келесі сайлауға қатысады

Түркия президенті келесі сайлауға қатысады

Режеп Тайып Ердоған келесі президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешім Әділдік және даму партиясының съезінде қабылданды. Сайлау келесі жылы маусым айында өтуі тиіс. Басқа партиялар өз кандидаттарын әлі жариялаған жоқ. Айта кетейік, Режеп Тайып Ердоған 2014 жылы билікке келіп, 2018 жылы қайта сайланды.