Үндістанда автобус шатқалға құлап, 25 адам қаза тапты

Үндістанда автобус шатқалға құлап, 25 адам қаза тапты
Point.md

Үндістанның солтүстігінде жолаушылары бар автобус 150 метрлік тереңдіктегі шатқалға құлады, деп хабарлайды Newdaynews.ru.

Салдарынан 25 адам қаза тауып, бесеуі жараланды. Бортта Үндістанның орталық бөлігіндегі Мадхья-Прадеш штатынан келген қажылар болған.

Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның себебі анықталып, тергеу амалдары басталды.

Премьер-министр Нарендра Моди апаттан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді тапсырды.