Ғалымдар мұхиттағы жартастардың жай-күйін тексеретін құрылғы ойлап тапты

Ғалымдар мұхиттағы жартастардың жай-күйін тексеретін құрылғы ойлап тапты

Индонезияда ғалымдар мұхит астындағы жартастардың жай-күйін тексеруге мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты.

Олар теңіз табанынан алынған дыбыстарды зерттейді. Бұл құрал гидрофон деп аталады. Су түбіндегі дыбыстарды адам ести алмайды. Мамандар гидрофон арқылы алынған ақпарат 92% дәл болады дейді. Маржан жартастар мұхит табанының 1% ғана жауып жатса да су тіршілігінің 25 проценті үшін маңызды деп саналады.