АҚШ-тың оңтүстік шекарасында миграциялық дағдарыс қайталануы мүмкін

АҚШ-тың оңтүстік шекарасында миграциялық дағдарыс қайталануы мүмкін

АҚШ-тың оңтүстік шекарасында тағы да миграциялық дағдарыс болуы мүмкін.

Жақында Мексиканың Тапачула қаласында 6 мың мигранты бар керуен жолға шықты. Ол өткен сәрсенбі күні Лос-Анджелес қаласында Америка елдері саммитінің ашылуына орай ұйымдастырылған. Мигранттардың көбі жақында Мексика билігінен осы елдің аумағында 3 айға еркін жүріп тұруға мүмкіндік беретін рұқсат қағаз алған. Алайда олардың көбі АҚШ-қа барғысы келеді.

Йойнер Янез, венесуэлалық мигрант:

- Мен бұл қазағбен ешқайда жұмысқа орналаса алмаймын. Сондықтан Мексикада қалуға құлқым жоқ. Өйткені жұмыс істемесем күнімді қалай көрмекпін.