Бананның арасынан есірткі табылды

Бананның арасынан есірткі табылды

Грекияда полиция кокаинның ірі партиясын қолға түсірді. Қылмыстық топ 300 келі есірткіні банандар арасына жасырып өтпек болған.

Заңсыз жүкті Еуропа мен Австралияға жеткізу жоспарланған. Іске қатысты Ұлыбританияның 4 азаматы қамауға алынып, тағы бір күдіктіге іздеу жарияланды. Тергеу жүріп жатыр.