Германияда велошеру үшін жолдар жабылды

Германияда велошеру үшін жолдар жабылды

Берлинде өте ауқымды велошеру өтті. Оған 75 мыңнан астам адам қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Велошерушілер қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Барлығы 18 бағдар жоспарланған. Іс-шараға байланысты жолдар жабылды. Қатысушылар тұрғындарды көлікті тастап, белесебетке отыруға шақырды. Белсенділер көшеде жүру қауіпсіздігін күшейтуді талап етті. Велошабандоздардың айтуынша, қалада жол-көлік апаты көп болады, тіпті кейде кісі өліміне соқтырады.

Сильвия, қатысушы:

Белесебетшілерге жеткілікті көңіл бөлінбейді деп есептеймін. Әсіресе көлік жүргізушілері оларды адам құрлы санамайды, арақашықтық сақтамайды. Қаламызда белесебетпен жүруге жоғары деңгейде жағдай жасалса екен деймін. Шайтанарбамен жүрген өте пайдалы. Сонда Берлиннің ауасы тазарып, көлік шуылы азаяды.