Пәкістанға қуаңшылық қаупі төнді
Пәкістанда күн шыжып тұр.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, кейбір аймақта ауа температурасы 50 градусқа дейін жеткен. Жергілікті билік өкілдері су тапшылығы ушығып, азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін деп отыр. Сондай-ақ адамдардың денсаулығы мен ауыл шаруашылығына да қауіп төніп тұр. Қазірдің өзінде аптап ыстықтан мал мен жан-жануар қырыла бастаған. Метеорология департаменті биік таулардағы қар мен мұз еріп, тасқын тудыруы мүмкін екенін де ескертті.
Мұхаммед Ілияс, шаруа:
- Маңдай терімізбен еккен дәнді дақылдар қурап қалды. Ағаштар жеміс бермей жатыр. Арықтар суалды. Жаз енді ғана басталды ғой. Ауыр күндер әлі алда сияқты.