Әлемде ядролық қару көбейеді – Сарапшылар

Әлемде ядролық қару көбейеді – Сарапшылар

Бұл туралы Стокгольмдағы Бейбітшілік мәселелерін зерттеу жөніндегі халықаралық институт сарапшылары мәлімдеді. Олар соңғы 10 жылда жаппай қырып-жоятын қаруды қолдану қаупі ең жоғары деңгейге жеткенін айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ядролық құралы бар барлық мемлекеттер қазір оқтұмсықтар санын арттыруға және жаңартуға кіріскен. Әлемде 6 мыңдай данаға ие Ресей көш бастап тұр. Екінші орында – АҚШ. Әлемдегі ядролық қарудың 90 пайыздан астамы осы 2 мемлекеттің еншісінде. Қытай да қалысар емес.