Bloomberg: 2022 жылы әлемнің ең бай адамдары 1,4 трлн долларынан айырылды

Bloomberg: 2022 жылы әлемнің ең бай адамдары 1,4 трлн долларынан айырылды
newizv.ru

2022 жылдың басынан бері әлемдегі ең бай 500 адам 1,4 трлн долларынан айырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Bloomberg мәліметінше, төрткүл дүниедегі ең қалталы бес адам $345 млрд жоғалтқан. Солардың арасында ең көп қаржысынан айырылған – Binance криптовалюта биржасының негізін қалаушы Чанпэн Чжао. Ол $85,6 млрд табысынан қағылды. Екінші орында 73,2 млрд долларынан айырылған Илон Маск тұрса, Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос 65,3 млрд долларынан айырылған. Төртінші сатыға $64,4 млрд жоғалтқан Meta басшысы Марк Цукерберг жайғасты. Louis Vuitton Moët Hennessy тобының президенті Бернар Арно 56,8 млрд долларынан айырылып, бесінші орыннан көрінді.

Агенттік дүйсенбінің өзінде әлемдегі ең бай 500 адам жалпы есепте $206 млрд жоғалтқанын алға тартады.

Миллиардерлердің басым бөлігі, яғни 64 процентке жуығы әлі де АҚШ, Жапония, Қытай мен Германияда өмір сүреді.