Грекияда мұхиттар қоқыс алаңына айналып барады

Грекияда мұхиттар қоқыс алаңына айналып барады

Мұхиттар алып қоқыс алаңына айналып барады. Алып су айдындарына жыл сайын 13 млн тоннаға дейін пластик қалдығы төгіледі. Соның салдары енді суды мекендейтін тіршілік иелеріне тиіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған алаңдаған грекиялық мамандар жуырда Ион теңізін тазалауды қолға алып, су астынан 23 тонна қалдықты алып шықты. Жалпы, грек ұйымдары келтірген дерекке сәйкес, жыл сайын мұхит пен теңізге 640 мың тоннадай балық аулайтын құрал-сайман тасталады екен.

АВСТРАЛИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАР ПЛАСТИК ЖЕЙТІН ҚҰРТТАР ТАПТЫ

Теңіз бен даланың пластикпен ластануы бұл күні бәрін алаңдатып отыр. Сондықтан ғалымдар осы бір күрделі мәселенің күрмеуін шешудің түрлі жолдарын іздеп әлек. Мәселен, австралиялық мамандар полистирол "жейтін" құрттарды тапты. Ғалымдардың сөзіне сенсек, аталған жәндіктер пластикті оп-оңай қорытады екен. Алайда уақыт өте оның зардабы өздері де тие бастайтын көрінеді.

ЖАПОНИЯДА РАДИОАКТИВТІ СУ МҰХИТҚА ТӨГІЛМЕК

Бұл шеруге шыққан Фукусима тұрғындары. Бәрі атом электр станциясындағы өңделген радиоактивті суды мұхитқа төгуге қарсылық танытуда. Себебі биліктің бұл шешімі экологиялық апатқа әкеле ме деп алаңдайды. Алайда ел  үкіметі су мұхитқа төгілер алдында сүзіліп, радиоактивті элементтерден тазартылатынын алға тартып отыр. Қазір станция қоймасындағы су мөлшері 1,3 млн тоннаға жетеді. Ол реакторларды салқындату үшін қолданылып келеді.

ПЕРУДЕ БАЛЫҚ ҚЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Өйткені ел астанасындағы өзенге 34 тонна мырыш төгілген.  Мұны жергілікті билік өкілдері мәлімдеді. Енді соның салдары мен зардабы өзенге жақын жатқан балық өсіру шаруашылықтары тартып жатыр. Алдын ала есеп бойынша 600 тонна бақтақ уланып қалған. Қазір мамандар өзенді тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.