Брюссельдегі шеруден көліктер тоқтатылды

Брюссельдегі шеруден көліктер тоқтатылды

Бельгия астанасы Брюссельде мыңдаған жұмысшы шеруге шықты. Шараға қатысушылар үкіметтен қымбатшылықпен күресуді талап етіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін заңнаманы өзгертіп, жалақыны көтеруді ұсынды. Осы айда елде инфляция 9 процентке жеткен. Бұған дейін әуежайлар мен өзге де қоғамдық көлік қызметкерлері бір күндік ереуіл жариялап, көлік қатынасы тоқтатылды. Ереуілден Брюссельден ұшатын көп рейс кейінге шегерілді.