Қарағандыға Қырғызстаннан екі сілеусін жеткізілді

Қарағандыға Қырғызстаннан екі сілеусін жеткізілді

Қарағандыдағы хайуанаттар бағына Қырғызстан елінен екі сілеусін жеткізілді.

Оларды мамандар екі ботаға айырбастап алған. Себебі жыртқыш аңның бұл түрі зообақта бұрын-соңды болмапты. Қазірдің өзінде Жұлдыз және Теңіз есімді сілеусіндерді қызықтауға келетіндер көп. Тағы бір жаңалық, жақында дәл осы хайуанаттар бағында Мая есімді арыстан күшіктеді. Әзірге олар анасымен торда болады. Кейін өскен соң зообақта жоқ аңдарға айырбастауға ниетті. Айта кетейік, қазір мұнда жан-жануардың 181 түрі бар. Шамамен 870 аң-құс мекендейді. Олардың 80 проценті Қызыл кітапқа енген екен.

Серік Рысбек, жыртқыш аңдар бөлімінің меңгерушісі:

- Бұлардың жастары 1,5-да. Енді Алла амандығын берсе келесі жылы, одан арғы жыл бола ма бұлардан тұқым алуды күтеміз. Бұлар енді не дегенмен жылы жаққа бейім болып келеді. Енді олар біздің климатқа да жақынырақ болады деп отырмыз.