Үндістанда 10 млн тұрғын ас-сусыз отыр

Үндістанда 10 млн тұрғын ас-сусыз отыр

Үндістан су астында қалды. 10 миллион тұрғын сусыз және тамақсыз отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ассам штатындағы 3 ауданмен байланыс үзілген. Азаматтарды құтқаруға әскер де тартылды. Билік құрбандар саны 60 адамнан асқанын хабарлады. 5 миллион тұрғын баспанасынан айырылған. Жүз мыңдаған адам уақытша шатырларда тұрып жатыр. 

Пракш Ранджан Гарфалия, Моригаон округінің комиссары:

– Біз апат зардабын жою үшін барымызды салып жатырмыз. Біраз адамға азық-түлік жеткіздік. Бірақ жұмыс бастан асады. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылдық.