Ресей Беларуське «Искандер-М» зымыран кешенін берді
Ресей Беларуське "Искандер-М" зымыран кешенін берді. Бұл туралы Владимир Путин Александр Лукашенкомен кездесуінде айтты.
Қару бірнеше айдың ішінде жеткізілмек.
Айта кетейік, "Искандер-М" әлемдегі ең қуатты зымыран кешендерінің бірінен саналады. Оларды ядролық қару ретінде де қолдануға болады. Беларусь президенті "АҚШ пен НАТО-ның ядролық оқтұмсықтар тасымалдай алатын ұшақтарының соңғы кездегі оқу-жаттығу бізді қатты алаңдатады" деп мәлімдеген.