Байден қару айналымын бақылауды күшейтті

АҚШ президенті Джо Байден қару айналымын бақылауды күшейту туралы заңға қол қойды.

Құжатты Сенат мақұлдаған болатын. Бұл кейінгі 30 жылда қолға алынған алғашқы федералды реформа. Заң жобасы бойынша қару сатып алатын 18-21 жас аралығындағы адамдардың өмірбаяндық мәліметтерін тексеру міндеттеледі. Зорлық-зомбылық үшін сотталғандарға қару сатқандарға жаза қатаңдайды. Бұл құжатты талқылауға Техас мектебінде 19 бала мен 2 ересек адамның атыстан қаза табуы себеп болған.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

- Қаруға бақылау орнату мәселесіне келгенде бәрімен келісімге келу қиын. Бірақ біз беріспейміз, қанша қажет, сонша жұмыс істейміз. Десе де бүгін айрықша күн.