Үндістанда су басқан өңірде ауру таралып жатыр 

Үндістанда су басқан өңірде ауру таралып жатыр 

Тасқыннан зардап шеккен Үндістанның Ассам штатында белгісіз дерт белең алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар ауру тұрғындарға лай су арқылы жұққанын айтады. Дімкәс жандардың көбі жөтел мен дене қызуына шағымданады. Кейбірінде тері ауруы пайда болған. Қазір топан су астында қалған өңірге гуманитарлық көмек көрсетілуде. Құтқарушылар дәрі-дәрмек пен азық-түлікті қайықпен жеткізіп жатыр. Қауіпті аймақтардан 5,5 млн халық эвакуацияланды.