Tesla Калифорниядағы кеңсесін жабады

Tesla Калифорниядағы кеңсесін жабады
Global Times

Электромобиль өндіруші Tesla компаниясы шығындарды азайту үшін Калифорния штатында орналасқан Сан-Матеодағы кеңсені жаппақ, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС-қа сілтеме жасап.

200-ге жуық қызметкер жұмыстан босау туралы хабарлама алған. Қалғандары компанияның басқа кеңселері арасында бөлінеді. Қысқартылған қызметкерлердің көпшілігі Tesla автопилотын жақсартумен айналысқан.

Бұған дейін компания иесі Илон Маск дағдарыс келе жатқанын ескертіп, Майамидегі технологиялық конференцияда сөйлеген сөзінде Америка Құрама Штаттарының экономикасы құлдырау жағдайында екенін және одан бір жылдан кейін шығатынын айтқан.