Австрияда табиғат апаты қауіп төндіріп тұр

Австрияда табиғат апаты қауіп төндіріп тұр

Австрияның оңтүстігіндегі Каринтия аймағында толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқын мен лай көшкініне ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан 1 адам көз жұмды. Тағы 1 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Филлах қаласында 7 жарым мың үй жарықсыз қалды. Ауыз су тапшылығы туындап, ұялы байланыс нашарлаған. Метерологтар жауын-шашын бүгін де жалғасады деп болжады.

Даниел Фелнер, құтқарушы:

Аймақтағы табиғат апаты адам өміріне тікелей қауіп төндіріп тұр. Көптеген ауылдарға жол жабылып қалды. Лайды метрлеп аршып жатырмыз. Қазіргі ең басты міндетіміз  – негізгі жолдарды тазалау.