Канадада жүз жылдық тарихы бар туннель ашылды

Канадада жүз жылдық тарихы бар туннель ашылды

Канадада Ниагар сарқырамасының көрінісін тамашалай алатын жүз жылдық тарихы бар туннель іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туннель елдің ірі электр станциясымен жанасады. Келген меймандар шыны жеделсаты арқылы 55 метр тереңдікке түсіп керемет көрініске енеді. Болашақта туристердің көзайымына айналатын жерасты жолы ресми түрде шілденің 1-і ашылады.

Айта кетейік, Ниагара сарқырамасы әлемдегі ең керемет табиғи орындардың бірі болып саналады. Оған жыл сайын мыңдаған турист келіп, табиғаттың осы бір сыйын өз көзімен көргуге асық.