Ассам штатында шәй алқаптарын су шайып кетті

Ассам штатында шәй алқаптарын су шайып кетті

Үндістанның Ассам штатында су тасқыны жүріп, шай алқаптарын шайып кетті.

Соның салдарынан шаруалар қыруар шығынға батты. Ендігі амалы су астында қалған өсімдіктерді жиып-теріп, күнге кетпіру.

Билік өкілдерінің айтуынша, аймақтағы табиғи апаттан 2600-дей елді мекен мен 3 миллион адам зардап шеккен.

Естеріңізге сала кетейін, толассыз жауын салдарынан жуырда ғана Үндістанның солтүстік-шығысында жойқын су тасқыны жүріп, 150-ден астам адам опат болды.