Одесса зымыранмен атқыланды

Ресей әскері Украинаның Одесса облысын зымыранмен атқылады. Украина билігінің хабарлауынша, шабуылдан 18 адам ажал құшқан. Тағы 31-і жарақат алды.

Қала билігінің хабарлауынша, снарядтардың бірі 9 қабатты тұрғын үйге, екіншісі демалыс орнына түскен. Құтқару операциясы әлі жүріп жатыр. Украина тарапы "Ресей Одесса аймағын Змеиный аралын азат етуге жауап ретінде атқылады" деп есептейді.