Үндістанда жыл сайын жол апатынан 110 мыңнан аса адам көз жұмады

Үндістанда жыл сайын жол апатынан 110 мыңнан аса адам көз жұмады

Үндістанда таулы аймақта жолаушылар мінген автобус құзға құлап, жол апатынан 16 адам қаза тапқан, арасында балалар да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апатқа не себеп болғаны белгісіз. Жалпы Үндістанда жол мен көліктің тозуынан оқыс жағдайлар жиі болып тұрады. Автобус жүргізушілері өз пайдасын ойлап, жолаушыларды шамадан тыс мінгізіп, қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Полицияның мәліметінше, жыл сайын Үндістанда жол-көлік апатынан 110 мыңнан аса адам опат болады.