Түркияда инфляция шарықтап кетті

Түркияда инфляция шарықтап кетті

Түркияда инфляцияның жылдық деңгейі 80 процентке тақап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл кейінгі 24 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Елде тасымал мен жанармай бағасы екі есе өскен. Азық-түлік 90 процентке қымбаттады. Былтыр президент Режеп Ердоған Орталық банкті бірнеше рет проценттік мөлшерлемені азайтуға мәжбүрлегеннен кейін елде инфляция шарықтап кетті.