Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ оққа ұшты

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ оққа ұшты
Japan Times

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге белгісіз біреу оқ атты.

Киодо агенттігінің мәліметінше, оқиға Нара қаласында болған.

Абэге қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Екі рет оқ атылып, сонан соң саясаткер құлаған. Агенттік оқ артқы жақтан атылып, кеуде тұсына тигенін алға тартады.

Экс-премьер ауруханаға жеткізілген, дегенмен ес-түссіз жатыр.