Әлемнің кей елінде індет қайта өршіді

Әлемнің кей елінде індет қайта өршіді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, кейінгі екі аптада вирус жұқтыру 30 пайызға өскен. Еуропа мен Америкада омикронның «Би-Эй 4 және 5» деген түрлері кең етек жая бастады. Ал Үндістанда вирустың жаңа өзгерген нұсқасы тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келесі аптадан бастап тұрғындарға адамдар көп шоғырланған жерлерге баруға тыйым салынады. 

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ Бас директоры:

- Коронавирус жоғалып кеткен жоқ. Керісінше кей елдерде індеттің таралуы қайта өсіп келеді. Үндістанда дерттің тағы бір өзгерген түрі тіркелді. Қазір жағдайды бақылап, зерттеп жатырмыз.  

БЕЙЖІҢДЕ ІНДЕТТІҢ ТАРАЛУЫН ТЕЖЕУ ҮШІН ЖАҢА ШАРАЛАР ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН

Мұндай орындарға барғысы келетін азаматтар екпе салдырғаны жайлы құжат көрсетуі тиіс. Қазірге дейін 22 млн тұрғыны бар Бейжіңде 62 миллион доза вакцина салынған.