Болгария мен Грекия арасындағы газ құбырының құрылысы аяқталды

Енді Еуропа елдерінде ресейлік газға деген тәуелділік азаюы тиіс.

Өйткені бұған дейін Болгарияға көгілдір отын импортының 90 процентін Ресей қамтамасыз етіп отырған. Алайда жуырда мемлекет Кремльдің шикізат үшін төлемді рубльмен жасау талабынан бас тартқаннан кейін тасымал тоқтатылды. Құбыр арқылы газ Әзербайжаннан Болгарияға жеткізіліп отырады. Артылған шикізат Румыния мен Солтүстік Македонияға тасымалдануы мүмкін.