АҚШ-тың Юта штатында орман өртеніп жатыр

АҚШ-тың Юта штатында орман өртеніп жатыр

Тілсіз жау қысқа уақыт ішінде 200 гектардан астам жерді жалмап үлгерген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қою түтін бірнеше шақырым жерден көрінеді. Жалынның тез тарауына аймақтағы құрғақ ауа райы мен жел әсер етсе керек. Салдарынан өрт жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төндіре бастаған. Осыған байланысты азаматтарға шұғыл түрде эвакуациялану туралы тапсырма берілді. Әзірге өрттен зардап шеккендер жайлы ақпар жоқ.