Испанияда аптап ыстықтан қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Испанияда аптап ыстықтан қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Аптаптан Испанияның Оренсе қаласында сынап бағанасы 47 градусқа дейін жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде қауіптің қызыл түсі жарияланды. Мамандар экстремальды ауа райы апта соңына дейін сақталатынын айтады. Бұл елде де орман өрті жиілеген.

Күн қайнап тұр. Ыстықтан қорғану үшін көп су ішіп, субұрқақтардың қасына барып салқындаймыз. Ағаштардың көлеңкесін саялап жан сақтап отырмыз.

ҰЛЫБРИТАНИЯ

Ұлыбританияда да күн ысып, жағажайларда демалушылар көбейді. Лондонның шеткі аудандарында ауа температурасы 31 градустан асқан. Адамдар әдетте жап-жасыл болып жататын саябақтардағы шөптер тез күйіп, қурап қалып жатқанын айтады. Англия мен Уэльстің басым бөлігінде күн ыси түсетіні ескертілген.