Бельгияда маймыл шешегі белең алды
Бельгияда бір аптада 56 адам маймыл шешегін жұқтырған. Мұны жуырда жергілікті денсаулық сақтау институты хабарлады.
Институт мәліметінше, бүгінге дейін Бельгияда бас-аяғы 244 науқас тіркелген. Бәрі 20 мен 65 жас аралығындағы азаматтар. Вирусолог мамандар ауру жұқтырғандардың көбейіп кеткеніне қатты алаңдаулы. Тез арада осал топтағы тұрғындарға вакцина салу керегін айтады.