Грекияның cолтүстігінде құлаған жүк ұшағындағы сегіз адам қайтыс болды

Грекияның cолтүстігінде құлаған жүк ұшағындағы сегіз адам қайтыс болды

Бұл туралы Сербияның Қорғаныс министрі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Небойша Стефановичтің мәліметі бойынша 11 жарым тонна қару-жарақ пен  оқ-дәрі Бангладешпен арадағы әскери айырбас ретінде Даккаға жөнелтілген еді. Еске салсақ, Сербиядан Йорданияға бет алған украиналық АН-12 жүк ұшағы Грекия аумағында апатқа ұшыраған. Кеше сағат 20:40-та Ниш қаласынан ұшқан әуе көлігі алдымен Таяу Шығыста үш рейС жасап, Бангладешке бет алуы тиіс еді. Грекияның азаматтық авиациясы хабарлағандай, әуе кемесінің ұшқышы қозғалтқыштың бірі істен шыққанын хабарлап, шұғыл түрде қонуға рұқсат сұраған.  Ізінше ұшақ радардан жоғалып кеткен.

Небойша Стефанович, Сербияның Қорғаныс министрі:

- Апатқа ұшыраған әуе кемесі Антонов -12 ұшағы еді. Оның иесі Украинадағы Меридиан ЛТД компаниясы. Өкінішке қарай, бортта болған 8 адам апат кезінде көз жұмды.