Пәкістанда тырысқақ ауруы өршіді

Пәкістанда тырысқақ ауруы өршіді

Пәкістанның екі провинциясында тырысқақ ауруы өршіп кетті. Бұл кеселдің шығуына су тасқыны себеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Су ластанып, үй-жайлар қирап, жаппай мал қырылған. Бұл өңірдегі эпидаухалдың нашарлауына әкелді. Үкімет табиғи апаттан зардап шеккендерді шатырлар, азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттармен қамтыды. Елде жыл сайын осы мезгілде маусымдап жауатын нөсер жауын жауып, жиі су таситынын белгілі. Сондықтан Үкімет бұған алдын ала дайындалып, алдын алу шараларына дайындалуы тиіс, дейді жұрт.