Эквадорда түрмедегі қақтығыстан 13 адам көз жұмды
Эквадордың солтүстік-батысындағы Санто-де-лас-Тсачилас провинциясына қарасты Санто-Доминго қаласында қақтығыстан кем дегенде 13 тұтқын көз жұмды.
El Universo басылымының мәліметінше, тағы екі адам жарақат алған.
Қазір Санто-Домингодағы №1 абақтыда жағдай тұрақталған. Оған полиция мен қарулы күштер тартылған. Қақтығысқа түрмедегі төбелес себеп болған.
Эквадор прокуратурасы оқиғаға қатысты тергеуді бастады.