Шри-Ланкада жаңа президент сайланды

Шри-Ланкада жаңа президент сайланды
ФОТО : Shutterstock/FOTODOM

Шри-Ланка парламенті елдің жаңа президентін сайлады.

Бұл лауазымға бұған дейін елдегі үкіметтің төрағасы, ал дағдарыстан соң мемлекет басшысының қызметін атқарушы болып келген Ранил Викремесингхе лайық деп танылды.

Президент лауазымынан Викремесингхеден бөлек басқарушы партияның депутаты, бұрынғы журналист Дуллас Алахапперума мен солшылдар партиясының көшбасшысы Анура Кумара Диссанаяка да үмітті болған.

Өткен аптада Шри-Ланка халқы жаппай ереуілге шығып, президент Готабая Раджапакса отставкаға кеткен еді.