Аргентинада инфляцияның жылдық деңгейі 64 процентке жетті

Аргентинада инфляцияның жылдық деңгейі 64 процентке жетті

Ондаған жылдан бері экономикалық дағдарыстан көз ашпай келе жатқан Аргентинада инфляцияның жылдық деңгейі 64 процентке жетіп отыр. Соңғы бір айда баға 5 проценке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті инфляцияның халық тұрмысына кері әсері соншалық, адамдар қалдықтарды қоқысқа көп тастамайтын болған.

– Бұған дейін дүкендерден картон қағаздары күніне екі рет шығарылатын. Қазір дүкендерде сауда болмағандықтан, күніне бірақ рет жинайтын болдық.

– Бағалардың өсуінен адамдардың тұтынушылық қабілеті төмендеді. Тұрғындардың сатып алатын қаражаты азайғандықтан, сауда да жоқ.